02
сентябрь
2020
Бүгін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» тақырыбындағы кезекті Жолдауын ұсынды.
Президент қашықтан білім беру кезіндегі түрлі жағдайларды ескеріп, сапалы білімге қол жеткізудің нақты іс-қимыл жоспарын ұсынды. Бұл - оқушылардың жеткілікті білім алуына деген үлкен жанашырлық. Ұстаздардың еңбегі де назардан тыс қалмай, жалақыларының өсетіндігі айтылды.
Қасым-Жомарт Кемелұлының білім саласы мен қызметкерлеріне деген қолдауы мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, рухын биіктетеді деп сенеміз.