2022жылдың 20жетоқсанында «Тиімді бағалау әдісін сабақта қолдану-білім сапасын арттыру жолы» тақырыбында қалалық семинар өтті. » Жетісу облысы Талдықорған қаласы №25 орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8 (7282) 41-02-96
Мектеп директоры:
8 (7282) 41-03-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022жылдың 20жетоқсанында «Тиімді бағалау әдісін сабақта қолдану-білім сапасын арттыру жолы» тақырыбында қалалық семинар өтті.
23
декабрь
2022

2022жылдың 20жетоқсанында «Тиімді бағалау әдісін сабақта қолдану-білім сапасын арттыру жолы» тақырыбында қалалық семинар өтті.

         2022жылдың 20жетоқсанында «Тиімді бағалау әдісін сабақта қолдану-білім сапасын арттыру жолы» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: Оқу үдерісінде оқушылардың білімін бағалаудың тиімді жолдарын үйрету. Атаулы іс шараны Талдықорған қаласындағы Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25орта мектеп бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастырылуымен өтті. Семинарға Талдықорған қаласы бойынша білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Сурапова Айнұр Мырзабекқызы, Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектеп директоры Кабдыгалиева Айман Толепбергенқызы, №5, №10, №25, №27-ші серіктес мектептердің бастауыш сыныптар бойынша директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинардың  өтілу барысында әр мектептен келген педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісті. №25 орта мектептен бастауыш сыныптар бойынша директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аппасова Еркежан Жиенбайқызы мектептегі бастауыш сынып жұмысының нәтижесімен таныстырса, 4Б сынып жетекшісі Кемелбекова Гүлмира Тоқтарбайқызы зерттеу сабағын өткізді. Ал Төлеубай Зоя мен Жумаканова Сауле «Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылармен оқу қызметін ұйымдастырудың ерекшелігі» тақырыбында шебер-сынып өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Шара соңында семинарға қатысқан серіктес мектептердің педагогтары жылы лебіздерін білдірді.









Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив