Хабарландыру КОНКУРС » Жетісу облысы Талдықорған қаласы №25 орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8 (7282) 41-02-96
Мектеп директоры:
8 (7282) 41-03-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Хабарландыру КОНКУРС
18
сентябрь
2023

Хабарландыру КОНКУРС

  
   Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласының білім бөлімі  мемлекеттік мекемесінің «Б.Сырттанұлы атындағы №25 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-сі ENBEK.KZ  электронды биржасына, әлеуметтік желі нысандарына мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін бос лауазымға тағайындауға 2023-2024 оқу жылына төмендегі көрсетілген мамандарды қабылдау конкурсы жүргізілетінін хабарлайды:
1. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары– 1 маман /тұрақты/
2. Педагог-ассистент– 1 маман /тұрақты/
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті  құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
 8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Пошталық мекен – жайы: индекс:040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 180 үй,  2 қабат, №202   кабинет, анықтама телефоны:8(7282) 41-02-96.  Электрондық пошта: mektald25@mail.ru,  БСН: 080740013556
Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр 180
Конкурсты өткізу күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығы және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады. 
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 27-ші қыркүйекке дейін.
Конкурс өткізілетін күні: 2023 жылдың 28 -ші қыркүйекте.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив