21
ноябрь
2025
Бүгін мектебімізде тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Барлыбек Сырттанұлының мұрасы» тақырыбында 8–10 сынып оқушылары арасындағы мектепішілік ғылыми жоба жарысы өтті.
Бүгін мектебімізде тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Барлыбек Сырттанұлының мұрасы» тақырыбында 8–10 сынып оқушылары арасындағы мектепішілік ғылыми жоба жарысы өтті. Жарыстың мақсаты: Барлыбек Сырттанұлының өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін тарихи деректер негізінде терең зерттеу; оның құқықтық, ағартушылық және мемлекетшілдік идеяларының бүгінгі күнмен байланысын ашу; оқушылардың ұлттық тарихқа, елдік тұлғаларға қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін күшейту; 8–10 сынып оқушыларының зерттеу, талдау, ой қорыту, көпшілік алдында баяндау және ғылыми жоба қорғау дағдыларын дамыту. Жоба барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойын ғылыми тұрғыда дәлелдеп айтуға, пікірін еркін жеткізуге, көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасты.
Осы видео ссылка бойынша https://www.instagram.com/p/DRT7pQCjdi-/?igsh=dnVubmR2bDd1NGc3






Осы видео ссылка бойынша https://www.instagram.com/p/DRT7pQCjdi-/?igsh=dnVubmR2bDd1NGc3





