27
сентябрь
2024
"Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі"
27-қыркүйек мектептің мәжіліс залында "Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Мектеп психологы А. Райханова ата-аналарға интернеттегі қауіптер, шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг, кибербуллингтен қорғану ережелері, балалар арасындағы тренд болған онлайн ойындар, балаларды қайғылы жағдайларға итермелеуі мүмкін сайттар мен кітаптар, әлеуметтік желілердегі алаяқтар жайында түсіндірме жұмыстар жүргізді.
Сонымен қатар, ата-аналарға балалардың телефонындағы қосымшалар мен ойындарды тексеріп отыру, әлеуметтік желілер мен топтарды бақылау, хабарламалар орнату, интернетті пайдалану уақытын шектеу, балаңыздың интернеттегі достарын тексеріп отыру туралы ұсыныстар беріп, ата-аналарға жадынама таратылды.
Жиын соңы 6 А -сынып оқушышы Сейдіқазым Кәусардың "Берейікші мейірім баламызға" тақырыбында оқыған монологымен аяқталды.