09
январь
2025
«Кітап-AMANAT»
Бүгін 9 қаңтар сағат 12:00-де Қазақстанның Халық жазушысы,ақын Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиевтың 90 жылдығына «Кітап-AMANAT» орталығында зиялы қауым өкілдерінің жастармен мәдени-рухани және танымдық-ағартушылық бағытында кездесу өткізілді. Аталлған кеште Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,ақын Гүлбақыт Қасен және Н.Тілендиев атындағы балалар музыка мектебінің директоры,Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты Шалқар Оразбаев жастардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған бір қатар тәжірибелерімен бөлісті. Сондай –ақ жастарға ұлттық салт-дәстүрлермен қазақтың мәдениетіне қатысты көптеген ақпараттар ұсынды.Осыған орай мектебіміздің 8«Б» сынып пен 8«Ғ» сынып оқушыларының арасынан 20 оқушы қатысып ,кездесуден алған әсерлерімен бөлісісті.Қадыр Мырзалиетың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.Соңында белсенді болып пікір алмасып әсерлерін бөліскен оқушыларға кітап силыққа берілді.

