«Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 ОМ МДША КММ 2021 – 2022 оқу жылына ыстық тамақ ұйымдастырылуы бойынша анықтама
«Алматы облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2021 – 2021 оқу жылына ыстық тамақ ұйымдастырылуы бойынша
АНЫҚТАМА
«Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектебі» мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021 – 2022 оқу жылында әлеуметтік мәртебесі бар оқушыларға ыстық тамақ беру ұйымдастырылды.
2021 жылдың 6 – қыркүйек күнінен бастап мектепте асхананы жалға алушы «ИП Айзерек» иесі Е.Тансыкбаевтың рұқсат қағазы негізінде асхана ашылды.
Қазіргі төтенше санитарлық – эпидемиологиялық жағдайға байланысты асханада барлық санитарлық – профилактикалық талаптар сақталған. Яғни санитайзерлер, рецикуляторлар қойылған, күнделікті желдету, залалсыздандыру жұмыстары уақытылы жүргізілу қарастырылған.
Биылғы оқу жылында ата – аналардың өтініші мен өткізілген тиісті құжаттары негізінде 270 әлеуметтік мәртебесі бар оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 190 оқушы Жалпыға білім беру қорынан және 80 оқушы асхананы жалға алушы тарапынан ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Мектеп директоры: А.Кабдыгалиева
Орындаған:
Әлеуметтік педагог М.Жоламанова
87759786266; 87478478636



