Нормативтік құжаттар - Жетісу облысы Талдықорған қаласы №25 орта мектеп https://25-taldyk.mektebi.kz/ ru Нормативтік құжаттар - Жетісу облысы Талдықорған қаласы №25 орта мектеп DataLife Engine 2007 жылдың 27 шілдесіндегі №319 «Білім туралы» Заңының 26-бабы https://25-taldyk.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/329-2007-zhyldy-27-shldesndeg-319-blm-turaly-zayny-26-baby.html https://25-taldyk.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/329-2007-zhyldy-27-shldesndeg-319-blm-turaly-zayny-26-baby.html

Бiлiм туралы
 26-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымдарына қабылдауға қойылатын жалпы талаптар

1. Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларында айқындалады. 
 
 1-1. Алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
 2. Бiлiм беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балаларды, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) қабылдауды қамтамасыз ететiн мектепке дейiнгi ұйымдарға және орта бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртiбi тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында айқындалады. 
 
 2-1. Конкурстық негізде "Өркен" гранты берілген Қазақстан Республикасының азаматтарын оқуға қабылдауды "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы жүзеге асырады. 
 
 3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініші бойынша жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс. 
 
 Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) өздері таңдаған мамандығы олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, өздерінің өтініштері негізінде жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданады. 
 
 3-1. Дербес білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу рәсімін қолданбастан, аталған ұйымдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 
 
 4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын бекітілетін мамандықтар тізбесіне сәйкес оқытудың күндізгі нысаны бойынша жетекші шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жас шектеулері ескеріле отырып, конкурстық негізде "Болашақ" халықаралық стипендиясын алу құқығы бар.  
 
 "Болашақ" халықаралық стипендиясы берілген Қазақстан Республикасының азаматтарымен "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуға арналған шарт жасалады. 
 
 5. Бiлiм беру гранттарын алуға, сондай-ақ жоғары бiлiмдi кадрлар даярлауға мемлекеттiк білім беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың құрамына қабылдауға конкурс өткiзу кезiнде баллдары тең болған жағдайда, келесі кезектілікпен: 
 
 1) "Алтын белгi" белгiсімен марапатталған адамдардың; 
 
 1-1) патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдардың; 
 
 2) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
 
 2-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдардың; 
 
 3) осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде аталған адамдарды қоспағанда, тізбесін бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздарының; 
 
 4) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, бірінші және екінші топтардағы мүгедектердің, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың артықшылықты құқығы бар. 
 
 5-1. Білім беру грантын иеленуші оны жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдағанға дейін одан бас тартқан жағдайда, білім беру грантын беру туралы куәліктің күші жойылады, ал білім беру гранты белгіленген тәртіппен беріледі. 
 
 6. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған шарттармен жүзеге асырылады. 
 
 7. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. 
 
 8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде: 
 
 1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін; 
 
 2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін; 
 
 3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін; 
 
 4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін; 
 
 5) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын; 
 
 6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін; 
 
 7) кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін; 
 
 8) кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін; 
 
 9) бала кезінен мүгедек балаларды, І, ІІ топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін қабылдау квотасы көзделеді. 
 
 9. Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары бойынша, оның ішінде білім беру және денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқуға қабылдау арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандардың нәтижелері ескеріле отырып жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламаларының тізбесі мен арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі үлгілік қабылдау қағидаларында айқындалады. 
 
 9-1. Бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін білім алушыларды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі үлгілік қабылдау қағидаларында айқындалады. 
 
 10. Рухани (діни) білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау орта білімі бар адамдар арасынан құрылтайшы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. 
 
 11. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеу талап етілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары немесе білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстарымен оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. 
 
 12. Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібін осы Заңмен және қабылдаудың тиісті үлгілік ережелерімен реттелмеген бөлігінде білім беру ұйымдарының құрылтайшысы немесе құрылтайшылары (мемлекеттік басқару органы) белгілейді. 
 
 13. Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу шарт негізінде жүзеге асырылады, оның үлгілік нысанын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 
 
 Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.19 № 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.02.2019 № 227-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 294-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2020 № 323-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2021 № 56-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.05.2022 № 118-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 Подробнее: 
https://kodeksy-kz.com/ob_obrazovanii/26.htm

Бiлiм туралы
 47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарын және білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар.
 
 2. Білім алатын адамдар білім алушылар немесе тәрбиеленушілер болып табылады.
 
 Бiлiм алушыларға оқушылар, кадеттер, курсанттар, тыңдаушылар, студенттер, магистранттар, интерндер, резидент-дәрігерлер және докторанттар жатады.
 
 Тәрбиеленушілерге мектепке дейінгі, интернаттық ұйымдарда білім алушы және тәрбиеленуші адамдар жатады.
 
 3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің:
 
 1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
 
 2) білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;
 
 3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;
 
 4) өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;
 
 5) білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;
 
 6) қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына, бір мамандықтан немесе жоғары білімнің білім беру бағдарламасынан басқасына, ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға немесе оқудың бір нысанынан басқасына ауысуға;
 
 7) білім беру ұйымдарында, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қолжетімді нысанда ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін дайындалған оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілуге;
 
 8) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға;
 
 9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға;
 
 10) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
 
 11) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
 
 12) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.
 
 4. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің:
 
 1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруге;
 
 2) оқудан бос уақытта оқуды жұмыспен ұштастыруға;
 
 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметке шақырылу мерзімін кейінге қалдыруға құқығы бар.
 
 5. Медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларды білім алушыға академиялық демалыс берілуі мүмкін.
 
 6. Білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар келесі деңгейдегі білім беру ұйымына түсу кезінде бірдей құқықтарға ие болады.
 
 6-1. Алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
 
 6-2. Алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
 
 7. Білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушы студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидент-дәрігерлерге, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия төленуі мүмкін. Мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу қағидаларын, сондай-ақ оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
 
 Мемлекеттiк атаулы стипендия жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының неғұрлым дарынды магистранттарына және Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушыларына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ғылыми кеңестерiнiң шешiмдерi негiзiнде төленеді.
 
 Көзі көрмейтін мүгедектердің және құлағы естімейтін мүгедектердің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алынған балалардың, сондай-ақ кезекті аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша "үздік" деген бағаға ғана оқитын студенттер мен магистранттардың мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жоғары мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар.
 
 Жеке және заңды тұлғалар тағайындайтын атаулы стипендиялар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың күндізгі нысаны бойынша білім алушыларға тағайындалады.
 
 Атаулы стипендиялардың мөлшерін және оларды төлеу тәртібін оларды тағайындаған органдар мен тұлғалар айқындайды.
 
 8. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
 РҚАО-ның ескертпесі!
 
 9-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (01.09.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
 9. Мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес оқуға қабылданған білім алушыларды білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етеді.
 
 10. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді.
 
 11. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында білім алушы және (немесе) тәрбиеленуші жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекет қамқорлығында ұсталады.
 
 12. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да жеңілдіктер беріледі.
 
 13. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылардың қысқы және жазғы каникул кезінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруге құқығы бар.
 
 14. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.
 
 15. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер өздерінің денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға міндетті.
 
 15-1. Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
 
 Өзге білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.
 
 16. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер педагогтің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.
 
 17. Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогтік, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін тиісінше ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау ұйымдарында, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде, ветеринария ұйымдарында және меншік нысанына қарамастан, аграрлық бейіндегі ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
 
 Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды бітіргеннен кейін кемінде үш жыл білім беру ұйымдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтеуге міндетті.
 
 Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
 
 Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары оқуын бітіргеннен кейін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе ғылыми ұйымдарда кемінде үш жыл жұмысты өтеуге міндетті.
 
 Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантурада білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары оқуын аяқтағаннан кейін мемлекеттік органдарда немесе жоғарғы және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе ғылыми ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
 
 Осы тармақта аталған адамдардың жұмысты өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына немесе жұмысты өтемеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеуіне мониторингті және олардың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына жүктеледі.
 
 Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын аяқтағаннан кейін оқытқан жері бойынша өңірде кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
 
 Осы тармақта аталған Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін:
 
 1) ақылы негіздегі оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысқан;
 
 2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқудан ақылы негіздегі оқуға ауысқан;
 
 3) ағымдағы немесе келесі оқу жылы ішінде кейіннен қайта қабылдану шартымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан шығарылған жағдайларда, осы тармақта көзделген мерзім шегінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша іс жүзінде оқу уақытына мөлшерлес жұмыспен өтейді.
 
 17-1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарына және мемлекеттік медицина ұйымдарына жұмысқа бірінші кезекте бөліну құқығына мыналар ие:
 
 1) жұбайы (зайыбы) бос орынды ұсынған елді мекенде тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін адамдар;
 
 2) ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар, сондай-ақ бос орынды ұсынған елді мекенде тұрақты тұратын, қорғаншылар және қамқоршылар болып табылатын адамдар.
 
 17-2. Осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату жас мамандарды жеке-жеке бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен мынадай санаттағы жас мамандарға:
 
 1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдарға;
 
 2) І және ІІ топтағы мүгедектерге;
 
 3) одан әрі оқу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентураға, магистратураға, докторантураға түскен адамдарға;
 
 4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өзі тәрбиелеп жатқан адамдарға беріледі.
 
 17-3. Оқумен байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстар өтелместен, осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуы:
 
 1) жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің орындалуына байланысты;
 
 2) тиісті құжатпен расталатын білім алушының (жас маманның) қайтыс болуына байланысты;
 
 3) жұмысты өтеу мерзімі ішінде І және ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда;
 
 4) осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларда жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босатылуына байланысты басталады.
 
 17-4. Осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеуге міндетті.
 
 Бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу іс жүзінде жұмыспен өтелген кезеңге мөлшерлес жүзеге асырылады.
 
 17-5. Жас мамандар осы баптың 17-тармағында көзделген жұмыспен өтеу жөніндегі міндетті орындамаған жағдайда, білім беру саласындағы уәкілетті орган операторының бюджет қаражатының шығыстарын өтеу жөніндегі талабына талап қоюдың ескіруі қолданылмайды.
 
 18. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің міндеттерін бұзғаны үшін оларға білім беру ұйымының ішкі тәртібінің ережелерімен және жарғысымен көзделген тәртіптік ықпал ету шаралары не білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген өзге де шаралар қолданылуы мүмкін.
 
 Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.19 № 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 172-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2021 № 410-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

]]>

admin Thu, 26 Jan 2023 00:22:35 +0600
Әдістемелік нұсқау хат 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ https://25-taldyk.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/166-dstemelk-nsau-hat.html https://25-taldyk.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/166-dstemelk-nsau-hat.html ]]> ]]> admin Tue, 09 Mar 2021 10:08:07 +0600 Нормативтік құжаттар https://25-taldyk.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/82-normativtk-zhattar.html https://25-taldyk.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/82-normativtk-zhattar.html Казіргі кездегі жалпы орта білім

беретін мектеп мазмұнын айқындайтын нормативтік құжаттар

Казіргі кездегі жалпы орта білім беретін мектеп мазмұнын айқындайтын нормативтік құжаттар. Білім стандарты негізгі нормативтік құжат болып есептеледі. Білім стандарты саяси-әлеуметтік және мәдени мәнді білім кеңістігінің бірлігін қамтамасыз ететін республикада жалпы білім беретін мектептердің әрі қарай дамуына қолайлы жағдай туғызады.

Қоғамдағы жеке тұлғаның қажетін өтеуге бағытталған, білім берудің мемлекеттік нормасы білім стандарты сапалы білімділік жүйесі арқылы түсіндіріледі. Білім стандартының объективті негізі оның мазмұны оқу жүктемесінің көлемі және оқушыларды дайындау деңгейінің көлемі болып табылады.
Әрбір объектіде белгіленген негізгі білімге қойылатын талап және норма білім сапасын анықтайтын эталон спеттес негізінен білім стандарты оқу процесіне қатысты іс-әрекетті ұйымдастыруды реттейтін жалпы орта білім сапасынынң белгіленген нормаға сәкес оған қойылатын талапқа сай бағытталуы тиіс.
Жалы орта білім беру стандартына қойылатын талаптар:
— қажеттілігіне мүмкіндігіне сәйкес қызығушы жақтың әлеуметтік-мәдени жағдайын ескеру;
— соңғы нәтиженің нормаға сәйкес бағдарлы болуы;
— білім саласы бойынша стандарттың құзырлық келісімін сақтау;
— мектептің әрбір сатысында тұлғаның даму міндетін ескере отырып білім мазмұнының толықтығын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
— білім мазмұнының бірлігін тиімді формада жазып көрсету;
— оқушылардың қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігн ескере отырып мектептің, аймақтың, мемлекеттің жетіп көзқарасымен сәйкестендіре көрсету;
— оқушылардың оқу жүктемесін шамадан тыс асып кетпеуін қарастыру;
— тексеру кезінде технолгиялық жағынан дайын болу.
Біздің Республика тәуелсіз тұтас бірліктегі мемлекет, республикадағы мектептер әртүрлі тілде оқыту мен қатар жалпы білім беру саясатын сақтай отрып мемелекеттің қызығушылығы негізінде дамуы тиіс. Осыған байланысты білім беру мазмұны барлық мектепке бірдей міндетті түрде қарастырылады. Міндетті оқылатын пәндер мазмұнында республиканың кейбір аймақтарының экономикалық және мәдени-тарихи жағдайы көрініс табады.
Кейбір арнайы курстарда «Туған өлкенің мәдениеті мен тарихы», «Регионның экономикасы және экологиясы» т.б. жоғарыда айтылған регионның ерекшеліктері білім мазмұнында ескеріледі. Оқу жоспарындағы жалпы білім мазмұнында көрініс табады. Базистік оқу жоспары білімнің сатылық жүйелі принципіне негізделіп құраған.
Базистік оқу жоспарында қарастырылған мәселелер:
— негізгі мектепте білімін логикалық жағынан тамамдағаннан кейін өз қалауы бойынша оқуды профильдік мектпте, гимназияда, әртүрлі орта, арнайы лицейлерде т.б. оқу орындарында жалғастыру;
— мектепті гуманитарландыруға байланысты міндетті оқу жүктемесін қысқарту;
— бір сағаттық эффектісі шамалы курстарды азайту;
— республикада тіл туралы заңға байланысты оқытуды мемлекеттік (қазақ тілі) және басқа тілдерді мектпетің барлық түрінде оқыту;
— жеке тұлғаның қажеттілігіне байланысты қоғамда үш бағытта ұйымдастырылған: ғылыми, жаратылыстану, гуманитарлық-эстетикалық және кәсібі-техникалық профильді-дифференциацияланған оқытуды енгізу
— білім беру мазмұнында көрсетілгендей жалпы білім беретін мектептердің барлық типтері мен түрлерінде міндетті түрде оқыту.
Базистік оқу жоспарының жобасы бойынша:
— барлық пәндердің мазмұнына халық педагогикасындағы ұлттық мәдениет компоненттерін енгізу;
— білім беруді гуманитарландыру;
— білім беруде математика-жаратылыстану бойынша жалпы мәдени бағытты күшейту;
— әр пәнді оқыту әдісінің жүйесі жаңарып отыруы тиіс;
— оқу-әдістемелік комплексті әрбір курс бойынша кұру.
Базистік оқу жоспары екі бөлімнен тұрады — инварианттық және вариативтік. Инварианттық оқу жүктемесінде білім беру мазмұны
міндетті түрде барлық оқушылар үшін қордаланып берілген. Блоктық пәндер жинтығында білім берудің негізгі компоненттері (ақыл -ой, адамгершілік, еңбек, коммуникативтік, эстетикалық дене) оқу жоспарына сәйкес білім берудің инварианттық мазмұнында блок түрінде беріледі, математика, жаратылыстану, қоғамтану, өнер, дене және еңбекке даярлау.
Вариативтік оқу жүктемесінде мазмұнын ата-аналардың және балалардың мүмкіндіктерімен күшіне сай қажетін ескере отырып мектеп қарастырады. Оқу жүктемесінің ішкі құрылысы баланың жасына тәуелді. Бастауыш сыныптарда вариативтік бөлігі әр сыныпта екі-үш сағаттан қосымша сабақ жүргізу арқылы оқу уақытымен жүзеге асады. Оларды өз тандауы бойынша әр сабақтарды негізінен жалпы-мәдени іскерлік қалыптастыруға бағыттап қолдануға болады. Вариативтік бөлімінің екінші сатысы әр сыныпта бес сағаттан факультативтен тұрады. Таңдау бойынша мектепте вариативтік бөлімнің үшінші сатысы көпқырлы пәндер мен сәндік курстардан тұрады. Инварианттық және вариативтік бөлігі оқытудың әртүрлі бірдей емес.
Бастауыш сыныпта инварианттық бөлігі 89% құраса барлық оқу жүктемесінің 11% вариативтік бөлігі құрайды.
Инварианттық және вариативтік бөлігі І-ІІ сатыда 85% және 15%, 44,8% және 55,2%. Жалпы білім беретін мектептердің сатылық ерекшелігі базалық курспен анықталады, оқу жүктемесінің вариативтік және инварианттық қатынасы және мазмұндық құрылымы вариативтік бөлігін құрайды. Осы ерекшеліктер үш базистік оқу жоспарды мемлекеттік базистік жалпы орта білім беретін оқу жоспарын жеке қарастырады. Мектепті бітіргеннен кейін өз қызығушылығымен тандауы бойынша оқуды (профильды) көпқырлы мектептің бірінде жалғастырады. Көпқырлы мектеп ғылыми-жаратылыстану (лицей бағдарламасы бойынша) гуманитарлық-эстетикалық (гимназия бағдарламасы) және кәсіби-техникалық бағытта ұйымдастырылуы мүмкін. Көпқырлы мектептің мақсаты оқушыларға жағдай жасау, кейбір пәндерге оқушылардың қызығушылығын және қабілетін арттыруға кей пәндерге терең теориялық және тәжірибелік білім беруге бағытталған. Үшінші жалпы мектепті бітіру сатысы. Білім берудің алты компоненты бірдей жалпы білім беретін мектепті бітіру дайындығына бағытталған. Бұрын міндетті емес болып есептеліп келген (Өнер) блогы құрайды. Бұл блок «Өнертануға кіріспе» деп аталады.
Алтыншы білім беру блогына дәстүрлі дене шынықтыру, еңбек, бастауыш әскери дайындық курсы кіреді. Осыған байланысты әр блоктың ішкі құрылысын ашып көрсету қажет, әрбір блок уақыттың өте аз мөлшерін қажет етеді. Білім берудің вариативтік бөлішінің жоғарғы сатысы көпқырлы пәндерден, қолданбалы курс және әркімнің өз таңдауы бойынша курстардан тұрады. Көпқырлы пәндерге негізгі оқу пәні жатады, қолданбалы курсы негізгі пәндерден білімді тереңдетуге және тәжірибеге дайындайды.
Таңдаған курсы бойынша тек факультатив қана емес, басқа да көпқырлы пәндердің нақты саласы бойынша басқа бағытта да қызығушылығына сәйкес білім беріледі. Жалпы білім беретін оқу орындары нақты оқу жоспарын әзірлеуде, сондай-ақ базистік оқу жоспары нормативтік комплексті анықтайды.
— оқу мерзімін жалғастыру (жалпы және жеке әр саты бойынша);
— республикалық және мектеп компоненты мен білім стандартының өзара қатынасы;
— жалпы орта білім берудегі вариативтік және инварианттық бөлігінің дара қатынасы;
— базалық мектептер үшін міндетті факультатив сабақтарының аптатық жүктемесі;
— оқушылардың апталық жүктемесі;
— жалпы сағат саны, мемлекеттік қаржыландыру.
Оқу жоспарын — Қазақстан Республикасының Білім министрлігі
бекітетін құжат, онда оқу пәндерінің құрамы саны оқу орнында оқылатын пәндерді жүйелі ретімен әр сыныптағы сағат санын көрсетеді. Қазіргі кезде оқу жоспарында оқылатын пәндер үш топқа бөлінеді. Міндетті түрде оқылатын (базалық компонент) оқушылардың таңдауы бойынша (дифференциациялық компонент) және мектептің кеңес беруі бойынша оқылатын пәндер, (мектеп және регионалдық компонент). Оқу бағдарламасын жасау тарихында екі принцип қалыптасты. Бірі — концентрлік, екіншісі -линейный. Біріншісінде бағдарлама анағұрлым күрделі. Мысалы, бастауыш сыныпта судың үш жағдайын (сұйық, газ тәрізді, қатты) түрін оқытса, ал 7 мен 9 — сыныпта судың қайнауын молекула -кинетикалық қозғалыс түрінде түсіндіреді. Екінші прицип бойынша уақытты үнемді пайдалану, қайталау өткеннің жалғасын логикалық оқыту т.б.
Нақты оқу бағдарламасындағы материалдық мазмұны әрбір оқу пәндердің бойынша және барлық оқытылатын тақырыптары оқулықтармен оқу құралдарында берілген. 
]]>
Казіргі кездегі жалпы орта білім

admin Fri, 01 Dec 2017 01:10:39 +0600