04
март
2022
"Ана - Ардақты жан"
Мектебімізде "Ана - Ардақты жан" атты мерекелік кешіміз өтті.
Мақсаты: Жастарды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Осы аталмыш мерекеге орай,мектеп оқушылары, жас мамандары мен ер азаматтары аналар мен аруларға арнап, ақын-жазушыларының туындыларынан үзінділер оқып,
әсем әндер мен күйлер орындады.
Көктемнің алғашқы мерекесі аруларға, аналарға ерекше қуаныш пен шаттық сыйлады.
Мерекелік кеш келген әрбір адамның жүрегіндегі анаға деген махаббаты мен құрметін арттырып, бір сәтке болса да аналарын қуанту үшін
әлемнің асылын сыйлауға асықтырғаны анық.
Мереке құтты болсын! 🌹🌹🌹