18
декабрь
2024
2024 жылдың 18 желтоқсан күні 4Ғ сыныбында Кенжебай Қ. «Жаратылыстану» пәнінен ашық сабақ өтті.
2024 жылдың 18 желтоқсан күні 4Ғ сыныбында Кенжебай Қ. «Жаратылыстану» пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақ тақырыбы: «Жауын-шашынға не жатады?» .Сабақ мақсаты: Атмосферада жауын-шашын түзілу процесін сипаттау. Оқушыларға таратпа қағаздар арқылы тапсырмалар орындатқызып, «Тізбектеп оқу» әдісі арқылы берілген мәтінді орындатты. Оқушылардың орындаған әр тапсырмаларын бағалауға «Термометр» бағалау парағын қолданды. Сабақ барысында оқушылар өздеріне қосымша ақпараттар алды, сызбалармен жұмыс жасады, жауын-шашынның түрлерін ажырата білді.Жалпы қорытынды: Оқушылардың білімін қалыптастыруда түрлі жұмыстар ұйымдастырылып, тапсырмалар түрлендіріп берілді. Алға қойған сабақ мақсатына толықтай жетті. Оқушылар сабақтың барлық кезеңінде ұйымшыл, белсенді болды. Берілген тапсырмаларды тиянақты, жылдам орындады. Сабақ соңында сабаққа өз ойларын, сабақтан не алғандарын айтып рефлексия берді.



