Нормативтік құжаттар » Жетісу облысы Талдықорған қаласы №25 орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8 (7282) 41-02-96
Мектеп директоры:
8 (7282) 41-03-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
ноябрь
2021

Нормативтік құжаттар

ҚР Әділет министрлігі. ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық – құқықтық жүйесі 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығы

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000320


Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы

      

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

    1) Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары бекітілсін;

   2) Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері мен түрлері.

   2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларының 5-тармағының 7) тармақшасын, осы қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері және түрлерінің 1-тармағының үшінші абзацын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 26.10.2018 № 686 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов

 Үкіметінің
 2012 жылғы 12 наурыздағы
 № 320 қаулысымен
 бекітілген


Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары

1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және білім беру ұйымдарында білім алу кезеңінде азаматтарға әлеуметтік көмек берудің тәртібін айқындайды.

2. Мемлекет білім алу кезеңінде:

     1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

  2) интернаттық ұйымдарда тәрбиеленуші және (немесе) білім алушы даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедектерге және бала кезінен мүгедектерге, мүгедек балаларға; кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балаларға әлеуметтік көмекке арналған шығыстарды толық қамтамасыз етеді.

3. Толық мемлекеттік қамтамасыз ету білім беру ұйымының интернатында тұратын орын, жұмсақ мүкәммал, жабдықтар мен киім-кешек, тамақ, оқулықтар мен медициналық көмек беруді қамтиды.

4. Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға білім алуы кезеңінде медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде ұсынылады.

5. Мемлекет білім алу кезеңінде:

     1) көп балалы отбасылардан шыққан балаларға;

   2) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;

   3) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балаларға;

  4) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларға;

      5) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілеріне;

   6) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің, жалпы оқыту білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек көрсететін, сондай-ақ қалпына келтіру емін жасайтын және медициналық оңалту ұйымдарында оқитын балаларға;

  7) "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша оқитын студенттерге;

     8) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағытының еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау шеңберінде білім алушыларға;

  9) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге санаттағы азаматтарға шығыстарды ішінара өтейді.

    Мемлекет осы Қағидалардың 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген санаттағы азаматтарға тамағы үшін тамақ құнының 80 пайызы мөлшерінде (20 пайызы ата-аналардың төлемі есебінен жабылады) шығыстарды өтейді.

        Осы Қағидалардың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген және қорғаншылық (қамқоршылық) пен патронаттағы адамдар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында білім алу кезеңінде жетім балаларға арналған күндізгі рацион құнының 40 пайызы есебінде республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен тегін ыстық тамақтану құқығына ие.

    Осы Қағидалардың 5-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдарға мемлекет тамақтану құнының 100 пайызы мөлшерінде ыстық тамаққа кететін шығыстарды өтейді.

    Осы Қағидалардың 5-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдарға мемлекет жергілікті бюджет есебінен жетім балаларға арналған күндізгі рацион құнының 40 пайызы есебінде ыстық тамаққа кететін шығыстарды өтейді.

      Тамақтануға кететін шығыстар жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша толықтай жергілікті бюджеттер есебінен жабылуы мүмкін.

Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары және жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар осы қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек берудің мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне сәйкес мектепте бір рет тамақтандырумен қамтамасыз етіледі. 

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.06.2018 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 03.05.2019 № 241; 20.11.2019 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

6. Білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмекті білім беру ұйымдары ата-анасының немесе өзге заңды өкiлдерiнің еркін нысандағы жазбаша өтініші мен мынадай растайтын құжаттардың бірі болған кезде жүзеге асырады:

    1) көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін – туу туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі;

   2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін – қамқоршылықты (қорғаншылықты) және патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың түпнұсқасы мен көшірмесі;

      3) мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін – мүгедектігі туралы анықтаманың түпнұсқасы мен көшірмесі немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;

      4) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін – өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;

      5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін – алған табысы туралы анықтама (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін кірісі, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кірістер);

    6) 5-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін – оқу орнына қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі.

      Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы табыстарының сомасын жыл басынан бастап әлеуметтік көмек көрсетуге қаражат тағайындау үшін өтініш берген сәтке дейінгі барлық айларға (өтініш берген айды қоса алғанда) және отбасы мүшелерінің санына бөлу жолымен айқындалады.

      Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеу кезінде отбасының құрамында ата-аналары (өзге заңды өкiлдерi) және олардың асырауындағы 18 жасқа толмаған балалар ескеріледі.

      Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек алу құқығы жыл сайын осы Қағидалардың 6-тармағының 4 және 5) тармақшаларына сәйкес құжаттарды білім беру ұйымына ұсыну арқылы расталуы тиіс.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.11.2019 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.05.2021 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

7. Білім беру ұйымы қажетті құжаттармен қоса өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде оларды қарайды және әлеуметтік көмек ұсыну немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.

8. Өтініш берушінің әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға алып келетін жалған мәліметтер ұсынуы және әлеуметтік көмек алуға әсер ететін жағдаяттар туралы уақтылы хабарламауы азаматтарға әлеуметтік көмекті көрсетуден бас тарту болып табылады.

      Бас тартылған жағдайда жазбаша түрде әлеуметтік көмек ұсынудан бас тарту себептері туралы дәлелді жауап беріледі.

9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымның басшысына:

      1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан шыққан білім алушыларға каникул кезеңінде заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының қаражаты есебінен олар тәрбиеленген ұйымдарға және отбасыларына жолақысын, тәуліктік шығыстарды қаржыландыру;

    2) каникул кезеңінде ұйымдастырылған демалыс орындарына бармайтын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан білім алушыларға тамақтануға арналған тәуліктік норма құнының шегінде қолма-қол ақша бөлу құқығы беріледі.

10. Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға білім алу кезеңінде жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру құқығы беріледі.

11. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымының басшысы мүмкіндігіне қарай:

1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

2) мүгедектерге және бала кезінен мүгедек балаларға еңбек лагерлеріне, пансионаттар мен профилакторийлерге, демалыс үйлеріне, студенттік сауықтыру лагерлеріне, ал медициналық айғақтар болған кезде тиісті бейіндегі шипайжайларға білім беру ұйымының қаражаты есебінен тегін жолдамалар береді.

12. Білім алу кезеңінде мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жол жүруіне байланысты шығыстар оқушының және студенттің жол жүру билеттерінің құны есебімен мемлекеттік білім беру ұйымдарының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

13. Қосымша білім беру ұйымдарында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың білім алуы осы ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.



Әлеуметтік көмек көрсетілетін
 азаматтарға әлеуметтік көмек беру
 мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
 15-қосымша

Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушыларын және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепте бір мәрте тамақтандыру нормалары

Ескерту. 15-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Атауы

Мектеп жасындағы бір балаға норма

(6 күнге арналып есептелген бір күндік грамм)

6 (7) -10 жас

11-14 жас

15-18 жас

1

2

3

4

Өнімдер

бидай ұны

4

5

7

қара бидай-бидай наны

20

35

40

қалыпты бидай наны

3

4

5

кептірілген нан

2

2,3

3

макароны, бұршақ, жарма

26

35

42

картоп

42

50

57

көкөніс және басқа көкөністер

84

100

118

жаңа піскен жеміс

100

100

100

жеміс шырыны

33

33

33

кептірілген жеміс (құрғақ итмұрын)

1

1

1

қант

7

8

9

бал

5

5

5

ет (сиыр еті)

61

73

80

құс еті

28

33

40

жаңа ауланған балық

22

26

28

сүт, қышқыл сүт өнімдері

106

107

108

сүзбе

12

14

16

сүзбеше

50

50

50

ірімшік

2

3

3

сары май

5

6

8

жұмыртқа

1

3

3

өсімдік майы

11

14

15

кисель

4

4

4

картоп крахмалы

2

2

2

йодталған тұз

1

1,5

2

лимон қышқылы

0,2

0,2

0,2



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив