25
январь
2019
«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» марафоны
25.01.2019ж. күні «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№25 орта мектебі» мектепке дейінгі шағын орталығымен отдела образования Шуского районанің Мәжіліс залында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» марафон форумы болып өтті. Форум мақсаты: Тұғыры биік тәуелсіз еліміздің жарқын келешегі үшін атсалысатын жас азаматтарды тәрбиелеп шығу және қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту. Қазақстан Республикасы Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының: «Біз Қазақстанның болашағы саналатын жастарды қолдауымыз керек» дегендей оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жетелеу. Форумға Алматы облысы «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қаласының филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жазықпаев Аманжол Тоқтарұлы, ҚР мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдан-алу басқармасының басшысы Садықов Асқар Жұманұлы, Алматы облысы Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Нурсапа Асқар Серікұлы, Алматы облысы Жас Отан, Жас қанат орталығының директоры Еркебұлан Есмұхамбетұлы, Үкіметтік емес ұйымының Шанс орталығының директоры Куджаков Ғалым Жабықпайұлы, Алматы облысы Талдықорған қаласының білім бөлімі басшысының орынбасары Бақтыбаева Сауле Шаймұратқызы және Жетісу телеарнасы шақырылды.