24
декабрь
2025
“Жас қаламгер” жобасы аясында 3-4 сынып оқушыларының қатысты
2025 жылы 24 желтоқсан күні мектебіміздің кітапханасында “Жас қаламгер” жобасы аясында 3-4 сынып оқушыларының қатысуымен Жетісу жерінің мақтанышы, нәзік лирика мен балалар әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырып келе жатқан ақын- Гүлбақыт Тоқтанқызы Қасеннің «Біз – бақытты баламыз» кітабы мен шығармашылығына арналған кездесу кеші өтті. «Ақын болу – өз заманының, өз елінің үні болу» деп дана бабаларымыз айтпақшы, оқушылар кездесу барысында ақынның шығармашылығы жайлы өз пікірлерін айтып, лебіз білдірді және ақын шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Сонымен қатар кеш иесінің сөзіне жазылған әндер орындалды.
Нақтырақ айтар болсақ, іс-шара барысында оқушылар ақын поэзиясынан көпшілікке рухты сезім сыйлады.
Нәтижесінде, ешкімге ұқсамайтын, өзінің дара қолтаңбасымен ерекшеленетін ақынмен болған сыр-сұхбат оқушылар көңілінде қалатындай өтті.
Осы видео ссылка бойынша https://www.instagram.com/p/DStVcckiPoj/?igsh=MnR2cDRvZmdzY3Bp