Мұғалімнің жетістіктері » Страница 11 » Жетісу облысы Талдықорған қаласы №25 орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
8 (7282) 41-02-96
Мектеп директоры:
8 (7282) 41-03-60
Версия для
слабовидящих
«Жыр-жауһар» атты облыстық жас жыршылар байқауы
12
январь
2022
«Жыр-жауһар» атты облыстық жас жыршылар байқауы
Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Облыстық білім басқармасымен бірлесе Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттауға бағытталған «Жыр-жауһар» атты облыстық жас жыршылар байқауы өтті. Батырлар жыры мен Жыраулар поэзиясын нақышына келтіріп, жыршылар мақамымен екпіндетіп жырлаған 7 «Г» сынып оқушысы Сейтжапар Айша жүлделі 3-орын (75 мың теңге) иеленді. Жетекшісі-Нұрқасым Ғалия Мұхамеджанқызы. Сонымен қатар,
Көгілдір көктемнің шуақты мерекесі-8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймыз !!!
08
март
2021
Көгілдір көктемнің шуақты мерекесі-8 наурыз әйелдер күнімен
     Құрметті №25 ОМ ұстаздары көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтап, әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, қуаныш пен шаттыққа бөленіп, береке бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жарқырап-жайнап жүре берулеріңізге тілектеспіз. 
"Желілік қоғамдастық арқылы әдістемелік қызметті жетілдіру" тақырыбында семинар-тренинг
04
март
2021
"Желілік қоғамдастық арқылы әдістемелік қызметті жетілдіру"
          26.02.2020ж. күні №18  мектеп-гимназиясында "Желілік қоғамдастық арқылы әдістемелік қызметті жетілдіру" тақырыбында мектебіміздің шебер сынып мұғалімдері, тренерлері С.Жумаканова, З.Төлеубай, Г.Кемелбекова, Ж.Кожахметова, Л. Алимбекова апайларымыз семинар-тренинг өткізді. Семинар басы психологиялық тренингтер басталып, "Стақан мұнарасы" әдісі арқылы жалғасып, талданып, "SMS әдісі" арқылы аяқталды. Семинар өте жоғары деңгейде өткізілді.  
"Ең үздік авторлық бағдарлама"
03
февраль
2021
"Ең үздік авторлық бағдарлама"
Талдықорған қаласы Барлыбек Сырттанұлы атындағы N25 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Нұрқасым Ғалия Мұхамеджанқызы "Ең үздік авторлық бағдарлама" облыстық байқауында 1 орын иеленіп республикаға жолдама алды. Құттықтаймыз🌹
"Рәміздер - рухымыз, ар ожданымыз" атты облыстық форум
21
февраль
2020
"Рәміздер - рухымыз, ар ожданымыз" атты облыстық форум
          21.02.2020ж. күні мектебіміздің мәжіліс залында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы "Айбын" әскери - патриоттық клубы мен №25 орта мектебі бірлескен "Рәміздер - рухымыз, ар ожданымыз" атты облыстық форум болып өтті. Тағылымды шараны ашу үшін, алғашқы сөз "Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы" отдела образования Шуского районанің директоры Қасымберкебаев Тәңірберген Қасымақынұлына берілді.             Шара барысында мектебіміздің директоры Топаев Орлан Сәбитұлы алғыс
"Сыйынар ем Ана деген тәңірге"
12
апрель
2019
"Сыйынар ем Ана деген тәңірге"
№25 орта мектеп мәжіліс залында 07.03.2019ж. күні "Сыйынар ем Ана деген тәңірге" атты мектебіміздің әйел қауымына арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Шара мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, шаттық көңіл сыйлау.
№25 ОМ ұжымының ер азаматтары
03
декабрь
2017
№25 ОМ ұжымының ер азаматтары
№25 ұжымының ер азаматтары білім күні Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі Олар жайлы ағайын-жұрт не білесің сен осы Олар жайлы айтылмайды биік-биік мінбеден Өйткені олар ақиқат пен шындық сөздің жебесі. Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі Біздің елдің жігіттері ұлы мұхит кемесі Осы елден бақ пен қызыр қашпаса екен деп тілеп Осал жерін түзеп жүрген біздің елдің шегесі. Олар жайлы білгің келсе, ортасына кіріп көр Солар жүрген жолдарменен дәтің барса жүріп көр Ерте туып еш заманның
Қайырымдылық акциясы
28
ноябрь
2017
Қайырымдылық акциясы
Жалғызбасты әке, көп балалы Кожрахметовтар отбасына мектеп және жеке кәсіпкер Бейсембеков Жанат Ниетовичтің тарапынан 1 тонна көлемінде көмірмен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, ағылшын пәні бірлестігі мұғалімдері 25 мың теңге көлемінде азық-түлікпен, киіммен көмек көрсетті.
"Екі жұлдыз" мега байқау 3-тур
12
апрель
2019
"Екі жұлдыз" мега байқау 3-тур
№25 орта мектеп мәжіліс залында "Екі жұлдыз" мега байқауының 3-туры болып өтті. 3-турда эстрадалық әндер айтылды. Байқау мақсаты:   Дарынды балаларды анықтап, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту. Ата-ана, оқушы, мұғалім арасында тығыз байланыс орнату.