Тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балдырғандар алтын ұя мектебінен қанат қақты. Балаң қауырсынын жылдар бойы жетілдірген олар алдындағы сан асуға жігермен бет бұрғандай көрінді. Ардақты ата-аналарының үміті мен ұлағатты ұстаздардың сенімін ақтап шыққанына қуанды. Ақ жол саған жас түлек!