Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев » Жетісу облысы Талдықорған қаласы №25 орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
8 (7282) 41-02-96
Мектеп директоры:
8 (7282) 41-03-60
Версия для
слабовидящих
» » » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
15
июль
2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев




Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің  экономикасын талқылады. Мемлекет басшысының пікірінше, стратегиялық бағдарламаларды сапалы жүзеге асырудың негізгі міндеті халықтың өмір сүру деңгейін арттырғанда ғана орындалады. Күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, еліміз бір қалыпты дамып келеді. Мұны жарты жылдық нәтижеден көріп отырмыз. Экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өсті. Инфляция да бір орында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті.   Мемлекет басшысы инфлицияны тұрақтандырып, азаматтардың табысын арттыру үшін жаңа жұмыс орындарын ашу жайында нақты міндеттерге тоқталды. 

БІРІНШІ. Инфляцияны тұрақтандыру. Қазір инфляцияның шарықтап кетуі ең күрделі мәселе болып отыр.Бағаның өсуіне азық-түлік инфляциясы әсер етті. Азық -түлік бірден 80 пайызға қымбаттады. Үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралары тиімсіз болып шықты.  Мемлекет басышысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсырмалар қойды. Өнімді ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден алдын ала тікелей сатып алу жолдарын айқындау қажет.    Мұнымен құзырлы министрліктер айналысуға тиіс. Ауыл шаруашылығы министрлігі осы тәсілді жетілдіру үшін тиісті қауымдастықтарды және нарық субъектілерін жұмылдыруға тиіс.  Тағы бір өзекті мәселе – өнімді сату. Фермерлерге қолдау көрсету тәсілдерін бірлесе әзірлеуді тапсырды. «Атамекен» палатасын осы жұмысқа тарту керек. Шаруа қожалықтарына ірі сауда желілерімен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік берілуі керек.  Мұндай мүмкіндік олардың жұмысын жандандырып, салаға инвестиция тартуға жол ашады. Отандық тауардың сауда орындарына кедергісіз шығарылуын қамтамасыз ету керек. Бұл – өте маңызды мәселе.   

ЕКІНШІ. Азаматтардың табысын арттыру және адам капиталын дамыту.

Халық саны көбейген сайын тұрақты жұмыс орындары ашылуы керек. Қазіргі таңда жастарды жұмыспен қамтуға баса назар аударатын кез келді. Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыссыздық деңгейі еліміздегі орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Еліміздің демографиялық, көші-қон, технологиялық даму барысын да ескерген абзал. Бұл мәселенің демографиялық және экономикалық қырын бірдей ұштастыра білген жөн. Үкіметке еңбек нарығын дамыту жоспарын шұғыл әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ мемлекет басшысы  мектеп қабырғасында зорлық-зомбылықтың көбейіп кеткені жайлы да талқылап өтті. Сондай-ақ  Жекеменшік балабақшаларда балаларды ұрып-соғу деректері де бар. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға, суицидтің алдын алуға, әрбір баланың құқықтарын қамтамасыз етуге арналған кешенді жоспар қажет. Главная мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.   Жуырда Білім және ғылым министрлігін екіге бөліну қадамы   отандық білім және ғылым саласын тың серпінмен дамытуға күш салады деп баяндады.

Келесі мәселе – қосымша білім беру. Бұл – өскелең ұрпақтың қарым-қабілетін дамыту үшін қолға алынған бастама. Қосымша спорттық және шығармашылық білім беру ісіне мемлекет тапсырысы бойынша қаржы бөлінетін болды. Білімге салынған қаражат – мемлекет үшін ең басты инвестиция болуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Түптеп келгенде, дамудың бірден-бір жолы – білім саласы. Нақты ғылымдар мен инженерия саласы бойынша қосымша білім беруге айрықша назар аудару керек. Балаларды дене шынықтыру және академиялық тұрғыдан бірдей дамыту қажет. Ауылдық жерде тұратын балаларға баса мән берген жөн.  Барлық аймақтағы балалардың қосымша білім алуына мүмкіндігі болуға тиіс. Құзырлы министрлік пен әкімдіктер жобаның жүзеге асырылуын реттеп, жіті бақылауы қажет. 

Жалпы, денсаулық сақтау саласы туралы айтар болсақ, мұнда түйткілді мәселелер көп. Қазақстанда созылмалы ауру салдарынан қайтыс болу көрсеткіші өте жоғары. Әсіресе, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдермен салыстырғанда біздегі ахуал өте нашар. Медицина саласына бөлінген қаржы көлемі артқанымен, мұнда қордаланған мәселелер шешімін таппай отыр. Үкіметтің басты міндетінің бірі – ана мен баланың денсаулығын сақтау. Өкінішке қарай, сәбилердің өлімі көбейді. Ана өлімі де өсуде. Мемлекет басшысы перинаталдық қызметтің жай-күйін тексеруге тапсырма берді.   Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді. Соңғы екі аптада науқастардың саны 30 пайызға артқан. Біздің елде де ахуал күрделене түсті. Алматы «қызыл» аймаққа қайта кіруі мүмкін. Ревакцинация науқанын жандандырған жөн.  

ҮШІНШІ. Ақша-несие саясатын жетілдіру

Отандық қаржы жүйесі өмір сүрген бүкіл уақыт ішінде пайыздық арнаның толыққанды жұмыс істеуіне қол жеткізе алмағанымызды мойындауымыз керек.

Мемлекет басшысы бюджеттік жоспарлауды, бюджетаралық қатынастарды, бағалау жүйесін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді, дегенмен, нәтиже минималды.Реформалар азаматтар мен бизнестің мүдделеріне толық жауап беруі тиіс. Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына және заңсыз алынған мүлікті қайтаруға қарсы іс-қимыл жұмыстары басталды. Адал кәсіпкерлікке қатысты кез келген шектен шығулар мен қиянаттарды болдырмау қажет.  


Жалпы, Үкіметтің жұмысына орташа деген баға беруге болады. Үкімет табандылық танытуға тырысуда. Бірақ, қазіргі кезеңде босаңсуға болмайды. Жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет. Жаңа, тың әдіс-тәсілдерді қолдану керек. Үкімет жедел әрекет ететін оперативтік штаб қана емес, нақты реформаларды ұсынатын және жүргізетін басты мемлекеттік мекеме болуы керек. Экономистер, кәсіпкерлер көп. Шетінен білімді, дарынды. Бірақ, олардың нақты ұсыныстары аз, тіпті, жоқ деп айтуға болады. Күзге қарай, мүмкін, кадрлық шешімдер қабылдау керек болады. Ерекше дағдарыс жағдайында бұл өте қажет екені түсінікті. Алдымызда ауқымды әрі күрделі мін­деттер тұр. Соларды табысты жүзеге асы­ру үшін тың тәсіл, жаңаша ойлау, жал­пы­ұлттық ынтымақ және өзара қолдау қажет.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
kinostudiyalive
5 августа 2022 13:32
Этто программа уготовлено сайт: kinostudiyawindowslive.ru для стремительной а также привлекательной новая смена коротких видеороликов. Хронос-протос сделанных в течение река кинофильмов составляет 60 секунд или меньше. Для сильнее сложной обрабатывания и службы с видеороликами большей продолжительности улучите в течение Торговом центре Windows другие дополнения чтобы монтажа видео.